Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын медаль иегері атанды.

Химиядан әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын International Mendeleev Chemistry Olympiad байқауына 37 елден, атап айтқанда Қазақстан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Солтүстік Македония, Израиль, Түркия, Әзербайжан, Иордания, Коста-Рика, Тайланд, Египет, Өзбекстан, Куба, Чад Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Бразилия, Армения, Тәжікстан, Камерун, Бангладеш, Вьетнам, Ботсвана, Нигерия, Беларусь және Қытай елдерінен 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.
Қазақстан құрамасы сайыста 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы 11 оқушыдан құралған болатын. Олар 7 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі






