Қызылордалықтар бірлік мерекесін қалай атап өтеді?

601

0

YouTube әлеуметтік желісінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Сыр бірлігі» арнасы іске қосылды. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аймақта қалай аталып өтетіні туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова айтып берді. 

Төтенше жағдайға байланысты мейрамды онлайн форматта және әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалана отырып, виртуалды ұйымдастыру көзделіп отыр. 

– Карантин режимін қатаң сақтай отырып мерекелеу жоспары дайындалып, бекітілді. Аймақта 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады, олар ақпараттық, ғылыми-танымдық және қоғамдық-мәдени бағыттарды қамтиды. Бұған қоса, этнос өкілдерінің ұлттық аспаптарда классикалық және халықтық туындылары виртуалды орнындауының көрсетілімі болады, – деді Л.Төрешова.

Уoutube әлеуметтік желісіндегі «Сыр бірлігі» арнасы 5 тақырыптық бөлімнен тұрады. Олар «Жасампаз 25 жыл», «Татулық тұғыры», «Сырлы сұхбат», «Таным сағаты» және «Біз біргеміз» деп аталады. Онда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жасампаздыққа толы жылдардағы айшықты және игілікті жұмыстары көрсетіледі.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<