Қызыққа толы жазғы демалыс

364

0

Фото: НЗМ

Қызылорда қаласындағы NIS-те өткізілген Жазғы мектеп барлық қатысушылардың жүрегінде із қалдырар керемет тәжірибелерге, ұмытылмас сабақтарға, шығармашылық жобаларға және қызықты оқиғаларға толы болды.

Дәстүрлі жазғы лагерьге аймақтағы жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Бір апта бойы жас өрендер пәндік курстар мен қызықты іс-шаралар әлеміне еніп, тілдік дағдыларын арттырды және робот құрастыру мен бағдарламалауды үйренді. Сонымен қатар оқушылар модельдеу, сурет салу техникасын меңгеріп, биология ғылымының ғажайыптрын зерттеді.

Жазғы мектеп марапаттау рәсімімен аяқталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<