ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры «Асыл мұра» фотоконкурсын жариялады

249

0

Аталған шығармашылық байқауды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Байқауға қатысуға жасы 18-ден 35-ке дейінгі елімізідің кәсіпқой және кәсіпқой емес фотографтары шақырылады.

Конкурстың мақсаты – патриотизмді нығайтуға, Қазақстанның жаңа көркем бейнелерін, оның тұлғаларын және астанының көрікті жерлерін қалыптастыруға ықпал ету.

Жұмыстар 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады. Сондай-ақ фотожұмыстардың тақырыбы конкурста белгіленген тақырыпқа толықтай сәйкес келуі тиіс. Бір қатысушы 3 суретке дейін тапсыра алады.

Бұдан басқа, сыйлық конкурс негізінде «Сәулет», «Тұлғалар», «Күнделікті өмірдегі оқиғалар»; «Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлері», «Астана» номинациялары бойынша берілетіні белгілі болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, автор екі номинация бойынша қатысуға құқылы.

«Жеңімпаздар «Асыл мұра» конкурсының лауреаты атағын иемденіп, әр номинация бойынша 350 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері болады. Конкурс нәтижелерін қорытындылау 2018 жылғы қазан айында өтпек», – делінген хабарламада.

Сонымен, «Асыл мұра» фотобайқауына қатысу үшін тапсырысты Астана қаласы, Ә. Бөкейханов көшесі 1, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мекенжайы бойынша жолдау қажет, сондай-ақ konkurs_fond@fpp.kz электрондық мекенжайына да жіберуге болады. Фотолармен бірге файлдар JPG форматында ұсынылады, 3000 х 3000-ден бастап 9000 х 9000 pix дейін рұқсат етіле отырып, 3 Mb кем болмауы және 10 Mb аспауы тиіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<