Ресей халқы Иосиф Кобзонды ақтық сапарға шығарып салды

252

0

Мәскеудегі Чайковский атындағы концерт залында Иосиф Кобзонмен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы жиынға Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведев те барды.
Сондай-ақ марқұмның жақындары мен әріптестері, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер қатысты. Келушілердің көптігіне байланысты рәсім жоспарланған уақыттан екі сағат ерте басталды. Иосиф Кобзон Мәскеудегі Востряков зиратына анасының жанына жерленеді. КСРО халық әртісі, Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаты қатерлі ісіктен 30 тамызда 80-нен асқан шағында бақилық болды.
Александр Панкратов-Черный, Ресей халық әртісі:
– Ғажап адам еді, өзінің мейірімділігімен, қамқорлығымен жұртты баурап алатын. Адамдарға көп көмегі тиді. Кеңес және орыс әндерінің энциклопедиясымен қоштасып жатырмыз.

www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<