
РФ ТЖМ деректеріне сүйенсек, апат Игарка елді мекенінен екі шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да болған.
Тергеу комитетінің айтуынша, тікұшақта экипаждың үш мүшесі мен 15 вахташы отырған. Қауіпсіздік ережелерін бұзды бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Дегенмен соңғы ақпараттарда апатқа басқа Ми-8 тікұшағының жүгі себеп болды деген мәлімет шықты. Тікұшақ жүкке соқтығысып қалған. Соның салдарынан аударылуы мүмкін.