Өңірлер цифрлық хабар таратуға қашан көшеді?

214

0

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өңірлер қашан цифрлық хабар таратуға көшетінін жария етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді», – деген сөз бар. Сондықтан цифрлық хабар таратуға көшу халықтың игілігі үшін жасалады. Тағы бір артықшылық – цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер де босайды. Осылайша босаған жиіліктерді біз байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға пайдалану мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Ол үшін байланыс операторларымен жан-жақты жұмыс жүргіземіз», – деді министр. Оның айтуынша, өткен жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Телерадио хабарларын тарату» Заңына өзгерістер енгізді. Осылайша олардың инфрақұрылымдарының дайындығына сай аймақтарды кезең-кезеңімен көшіруге жол ашты.  «Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы – 2018 жылдың аяғына дейін, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары – 2019 жылы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары – 2020 жылға дейін, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары – 2021 жылы кезең-кезеңімен жаңа форматқа ауысады», – деді Дәурен Абаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<