«Келінжан» телехикаясының актеры Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл Жаныаманова ауыр қайғыға душар болды. Өнерлі отбасының тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет өмірден өтті.
Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде жариялап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.
«Біздің Рүстем Жанаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала бауыр еттен, бұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары отбасының қайғысына ортақтасып, қолдау білдіруде.
Әзірге Нұрмұхамметтің неден көз жұмғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Бұған дейін ерлі-зайыптылар ұлдарының денсаулығына байланысты бірнеше жыл бойы күрескендерін айтып, оның сауығып кетуі үшін бар күш-жігерін салғандарын жеткізген еді.






