
Тамыз айында Жаңақорған кентіндегі №56, Аққорған ауылдық округіндегі №256 мектептер пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, кент орталығынан тағы 2 орта мектептің ғимаратын салу жоспарлануда. Қыркүйек айында Қожамберді ауылында медициналық бекет, Жаңарық ауылында əкімдік ғимараты беріледі.