Құрылыс жұмыстары бақылауда

326

0

Құрылыс жұмыстары бақылауда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау мүшелері қаламыздағы «Нұрлы Жол» және «Орда» бағдарламары аясында құрылыс жұмыстарын бақылау мақсатында рейд ұйымдастыру көзделіп отыр.
Осыған орай, 2018 жылдың 08 тамыз күні қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері және «Қалалық құрылыс бөлімі», «Су жүйесі» МКК, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметкерлерімен бірлесіп қаламызда жүргізіліп жатқан Әуезов, Тәжібаев, Әуелбеков, Ілиясов, Толыбеков көшесіндегі ВК ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, Бөкейхан, М. Шоқай, Қожа Ахмет Яссауи, Панфилов, көшесіндегі ВК-дан Жеңіс көшесіндегі ВК ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары және қаламыздағы сол жағалауда салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын тексеріп қайтты.
Бұған қосымша, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері алдағы уақытта жаңадан салынатын құрылыс алаңдарына қадағалау жоспарлануда. 

Құрылыс жұмыстары бақылауда 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<