Құтқарушыларды құттықтады

297

0

Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Батылдар ғана таңдайтын мамандық иелерін облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтады.
– Қиын сәтте тәуекелге бас тігіп, адам өмірін арашалап қалатын сіздер әрдайым да құрметке лайықтысыздар. Құтқарушы еңбегі адамдардың алғаусыз алғысы арқылы бағаланады, – деді Руслан Рүстемұлы.
Облыс әкімінің орынбасары сала қызметкерлеріне аймақ басшысының Алғыс хатын табыс етті.  
Салтанатты жиында облыс бойынша ТЖД бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Омар Бержанов, Ресей ТЖМ өкілі, ішкі қызмет полковнигі Андрей Заровскийлер мереке иелеріне лебіздерін арнады.
Бірқатар құтқарушылар мен сала ардагерлері төсбелгі, алғыс хаттармен марапатталған шараны мерекелік концерт түйіндеді.
Атаулы күнге орай мәдениет үйінің алдында арнайы техникалар көрмесі ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<