«Самға» жобасы басталды

253

0

  Бүгін облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меморандумға қол қойды. Меморандум аясында облыстық «Жас Отан» ЖҚ мен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ «Самға» жобасын жүзеге асырмақ.

Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, оқушылар мен студенттерді кәсіпкерлікке жан-жақты бейімдеу, нарық талабын үйрете отырып, кәсіптің жаңа қырларын меңгерту.

Жиында облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Талғат Тілес жұмыссыздықтан құтылудың даңғыл жолы – жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту екендігін атап өтті. Алдағы уақытта жоба аясында түрлі бағытта жұмыстар жүргізілмек.

Жобаның басым бағыттарына тоқталатын болсақ:

– Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жастарға

қолжетімділігін қамтамасыз ету;

– Қоғамның әсіресе жастар арасында әлеуметтік-экономикалық және

мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;

– Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту;

– Жастарға цифрлық және интернет бизнесінің қыр-сырларын үйрету;

– Кәсіпкерлік саласында кеңес беру, оның ішінде көшпелі кеңестер беру;

– Жастар жобаларын іске асыруға жан-жақты көмек көрсету;

– Жобаларды және бизнес идеяларды патенттеуге көмек көрсету;

– Жобаларды қаржы институттарымен интеграциялау;

– Кәсіпкерлік саласында жастарды үйлестіру, әртүрлі іс-шаралар мен  консультациялық қызметтер өткізу;

 – Кәсіпкерлік бойынша семинарлар мен бизнес тренингтерге жастардың қатысуын қамтамасыз ету.

 Аталған қызметтер жастарға ақысыз негізде көрсетіледі.

Айта кету керек, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен 2017 жылы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысын бастаған болатын. Орталықта кәсіпкерлерге жер мәселесі, сәулет және құрылыс, мемлекеттік кірістер, қаржыландыру институттарын қаржыландыру шарттары, инженерлік коммуникацияларға қосылу, банкке дейінгі және одан кейінгі жобаларды сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетудің 70 түрі «бір өтінім» қағидатымен ақысыз негізде көрсетіледі.


 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<