
2018 жылғы 31 тамызда санитариялық авиация қызметінің мекенжайына Қызылорда қаласы облыстық Перинаталдық орталығында жатқан 1984 жылы туылған пациентке эфферентті терапия – диализ жедел жүргізу қажеттілігі туралы өтінім түскен.
Жас босанған әйел ауыр операциялық рәсімдерден өткен және эфферентолог мамандар кеңесі мен мамандандырылған терапия көрсетуге мұқтаж болған.
«2018 жылғы 1 қыркүйек диализ өткізу –– мамандандырылған көмек көрсету мақсатында пациентке санавиация борты мамандармен және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен ұшып шыққан. Эфферентолог дәрігерінің кеңесінен кейін сол орнында пацентке медициналық көмек көрсетілді, диализ рәсімі жүргізілді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл рәсім «бүйрек жеткіліксіздігі» туындаған – екі бүйрек өзінің әдеттегі қызметін орындауға қабілетсіз (немесе мүлдем қабілеті жоқ) жағдайда қажет. Диализ – бұл ағзадан тіршілік ету өнімдерін және артық сұйықтықты жасанды шығару процесі.
Санитариялық авиация қызметінің арқасында 2018 жылғы 7 ай ішінде ҚР өңірлерінде 1 400 астам мамандандырылған медициналық қызметтер көрсетілді, оның ішінде орнында мамандарымен 86 операция жасалынды.
«Орталық құрылғаннан бері санитариялық авиация қызметімен 15 мыңнан астам қазақстандықтарға көмек көрсетілді, оның ішінде: акушерлік патологиясы бар 2 537 әйелге, 2 460 жаңа туған нәрестеге, балалар жасындағы патологиясы бар 3 249 балаға, қан айналым жүйесінің ауруы бойынша 2 365 пациентке, 3 177 жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан зардап шеккендерге және өзге де аурулары бар 1 458 пациенттерге көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
Республика бойынша 15 395 медициналық қызметтер көрсетілді, оның ішінде: 11 464 тасымалдау, 3 027 кеңес беру және 904 операция.
Естеріңізге сала кетейік, санитариялық авиация қызметінің негізгі мақсаты – медициналық көмекті қолжетімді және жедел көрсету, әсіресе, ауыл халқы үшін. Негізінен бұл ауылдық елді мекенде жоқ мамандандырылған медициналық көмек туралы айтылып отыр.