Сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі басты назарда

271

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан орталығында орналасқан «Әділет» және «Бәйтерек» базары мен сауда дүкендерінің кәсіпкерлеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында кәсіпкерлерге өрт болған жағдайда алғашқы іс-әрекеті, өрт сөндіру құралдарын үнемі жарамды күйде ұстау, сауда орындарының эвакуациялық шығу жолдарына бөгде заттар жинамау, жүргізілген электр сымдарының жай-күйіне үнемі бақылауда ұстау жөнінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ рейд жүргізу барысында пиротехникалық бұйымдарды рұқсат құжатсыз сату және сақтау орын алған жағдайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар қолданылатыны түсіндірілді.

Құрметті аудан тұрғындары және кәсіпкерлер, өрт – тілсіз жау, өрт адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, үлкен материалдық шығынға ұшыратуы әбден мүмкін. Өздеріңізге және айналаңыздағы адамдарға жанашырлық танытып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыздар.

Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<