Сауда үйіне «бомба қойылды»

559

0

Семей қаласында сауда үйіне бомба қойылғандығы туралы жалған хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 маусым күні сағат 18:26-да қалалық полиция басқармасына Шұғаев көшесінің бойында орналасқан сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына арнайы мамандар шұғыл келіп жетті. Сауда үйінің келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды. Алайда тексеру барысында ешқандай бомба табылмады», – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жалған хабар берген адам іздестіріліп жатыр. Заң бойынша ол бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<