Сайлау үрдісіне қоғамдық бақылау

256

0

«Демократияны тарату орталығының»төрағасы, ҚР Азаматтық альянс ұйымының вице-президенті Дос Көшім өңірімізге келіп, «Достық үйінде» «Сайлау үрдісіне қоғамдық бақылау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

– 9 маусымда елімізде кезектен тыс Президенттік сайлау болады. Сайлаудың әділ де ашық өтуінің бастышарттарының бірі – сайлау процесіне азаматтық қоғам тарапынан бақылау жасалуы. Сондықтан бақылау жұмыстарын сауатты жүргізу үкіметтік емес ұйымдарға, саяси партиялар мен үміткерлердің бақылаушыларына ауадай қажет, – деді ол.

Семинар барысындабақылаушы болуға ынталы азаматтарға заң шеңберінде бақылау жасау, бақылаушының құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Семинар-тренингте айтылғандай, сайлау учаскесінде жайлы атмосфера қалыптастыруға бақылаушы да үлес қосу керек. Тіпті, тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ. Кез келген жағдайда заң шеңберінде жұмыс істеп, мәдениеттілік сақталуға тиіс.

Семинарға қатысушылар сайлау кезінде бақылаушыныңқызметі, оның міндеті мен құқы жайында толық ақпарат алды, пікір алмасты.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<