Сенбілік жұмыстары жалғасын табуда

1071

0

Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған қаламызды қоқыстан тазарту мақса­тында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыс­тары жалғасын табуда.

Нақтырақ айтар болсақ, қала көшелерінде қаланы қоқыстан тазарту, көгалдандыру мақсатындағы сенбілікке әрбір мекеме бір кісідей атсалысуда. Соның бір дәлелі Қызылорда қалалық ауруханасының қызметкерлері сенбі сайын аурухана айналасы мен қала көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп, қала тазалығына өз үлестерін қосып келеді.

Бұл игі шара нәтижесінде қаламыз бұрынғысынан да әсем, көгалдандырылған қала болатынына сеніміміз мол.

Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<