Шағанда макарон өнімдері шығарылмақ

615

0

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылына барып, елді мекендегі өндіріс ошағы ретінде салынып жатқан цех жұмысымен танысты.

Ауылда «Шаған Жер» ЖШС егін егумен айналысады. Серіктестікте жұмыстарды әртараптандыруға басымдық берілген. Соның негізінде елді мекен орталығынан макарон өнімдерін шығаратын цех жұмысын іске қосу жоспарлап отыр. Бүгінде өндіріс ошағы болатын нысанның ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Серіктестік директоры Жеңісбек Сыздықов «Шаған Қызылорда» макарон өнімдері брендін таныту бағытында жұмыстар жасалып жатқанын атады.

Аудан басшысы ауыл ақсақалдарымен бірге кәсіпкерлік нысан ішін аралап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<