Шараның бұқаралығы ел сенімін нығайтты

338

0

    Елбасының биылғы халыққа Жолдауы  ауыл тұрғындарына ерекше серпін беруде. Осы орайда Жаңақорған ауданының тұрғындары ауданның құрылғанына және Қазақстанның халық ақыны Манап Көкеновтың туғанына 90 жыл толуы мерейтойын атап өтуді жалғастыруда. Аудан әкімшілігі бұл шараның бұқаралығын арттыру мақсатында әр ауылдық округ мен елді мекендерде түрлі шараларды орайласыра өткізіп, бұл шараның маңыздылығын сезінуіне, осы арқылы әрбір тұрғынның өз үлестерін қоса алу мүмкіндігін кешенді ұйымдастыра білгендігін атап айтқан жөн. Өткен аптада аталмыш шара Кейден  ауылдық округінде аталып өтті. 

 

        Аудан әкімі Ғалым Әміреев бастаған  қонақтар жаңа кейіпке енген ауылдың тыныс-тіршілігінмен танысып, бірқатар кәсіпкерлік және әлеуметтік   нысандарды аралады. Осы күні ауылдық клуб үйі ғимараты алдынан «Ардагерлер аллеясы» ашылса, клуб клуб шінен «Үкіметтік емес ұйымдар» бөлмесі де іске қосылды. Сондай-ақ, еңбек ардагері және Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз атанған марқұм Рахман Көкеевтің  ескерткіш тақтасының  да лентасы қиылды. Салтанатты жиында аудан әкімі ауылдық округтегі игі істерле лайықты баға бере келе, ата атын ардақтаған отанқорғаушы ардагердің ұл-қыздарының игі істеріне ризашылығын білдірді. «Туған жерге туыңды тік» деген ұғым, бізді бірлікке бастап, өнегелі шарауаларға шақырады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы міне, осы орайда нақтылығымен қуантады», деді. Келесі кезекте  майдангер туралы шыққан «Әке – асқар тауым»  атты естелік тітаптың тұсаукесер рәсіміне  жалғасты. Кітапты әдеби тұрғыда өңдеген  журналист Баян Үсейінова кітап туралы мазмұнды әңгімеледі.  Осы күні ардагері Рахман Көкеевті еске алуға арналған шахмат пен дойбыдан аудандық турнир  өткізілді. Шағын футбол бәсекесі де қызықты өтті.

       Облысымызда кәсіпкерлікті дамыту барысында ауқымды жұмыстардың жүргізіліп келе жатқандығы белгілі, осы орайда Кейден ауылында да өз жеке кәсіптерін ашып, өнім өңдеу мен өндіруге ден қойғандар қатары молайып келеді. Солардың бірі ауыл тұрғыны Қасым Әбжаппаров жүгері өнімдерін өңдеу және сусын өндіру кәсіпорынын іске қосып, оның тиімділігін ортаға салды. Аудан әкімі бастаған қонақтар осы өнім өңдеу цехының жұмысымен танысты.

       Мерейтойды тойлау рәсімі мұнан соң ауыл клубының ішінде жалғасын тапты. Клуб фоэсіне ауылшаруашылық өнімдерінің, жекелеген қолөнер шеберлерінің туындылары тамашаланды. Мұнда кәсіпкер Ұлсерік Иманбаева көрмеге қойған ИП «Жантөренің» ауыл шаруашылық өнімдері жұртшылықты қызықтырса, ол биылғы жылы 3 гектар жерге картоп, 3 гектар жерге қарбыз әне тағы 2 гектардан астам жерге асқабақ, қызанақ, қияр, пияз,сәбіз, қауын т.б. да дақылдар егіп, тиімді саудалаған. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Ұлпаш Төлеуова кәсіпкерлікті қолдау бөлімі  арқылы 1.653 мың теңге несие алу арқылы сүт өнімдерін ұқсататын аппарат  сатып алыпты.  Соның нәтижесінде сүт, қаймақ, сүзбе, айран шығарып, тұтынушыларға ұсынып келеді. Оның сары май мен құрт өндіруді де жолға қоюы расында құптарлық іс.

        Осы күні ауыл мектебінде де қызықты шаралар жалғасын тапты. Айжан Шерубаеваның басшылығындағы білім ордасында «Жеті қорғанмен қоршалған  қала» атты мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің әртістерінің орындауындағы «Алпамыс» миниспектаклімен басталып, онан әрі мектеп оқушыларының өнеріне жалғасты. 

       Аудан әкімі  өз сөзінде Елбасы Жолауынан бастау алатын міндеттер жөнінде тоқтала келіп, сөз соңында биылғы жылы түрлі саладағы еңбек озаттарын «Алғыс хаттармен» марапаттады. Осы күнгі шара соңында спорттық бәсекеде озық шыққандар арнайы жүлделерге ие болды.

Н. Назымханұлы,

Жаңақорған ауданы, Кейден ауылы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<