Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы кім

261

0

Фото: sports.kz

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18−0) қарсылас атанар негізгі үміткерлердің бірі анықталды.

Биыл 30 маусымда АҚШ-тың Невада штатына қарасты Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 303 турниріне тағы бір жекпе-жек қосылды. Атап айтсақ, жартылай орта салмақта ағылшын Майкл Пейдж (22−2) бен ирландиялық Ян Гарри (14−0) жұдырықтасады.

Бұған дейін Рахмонов Пейдж оның келесі қарсыласы болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

«Менің ойымша келесі қарсыласым Маддалена болады. Бірақ, үміткерлердің қатарында Пейдж де бар. Мен үшін кіммен жұдырықтасатыным маңызды емес, бастысы титулдық жекпе-жекке тезірек жету», – деген еді ол.

Дей тұрғанмен, сарапшылар австралиялық Джэк Дэлла Маддалена Шавкаттың қезекті қарсыласы атанатынын алға тартып отыр.

Айта кетейік, Маддалена биыл 10 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида) өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Рахмоновты жұдырықтасуға шақырған болатын.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ санатында рейтингін жақсартқанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<