Қызылорда қаласындағы №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі 2007 жылдан бері жоғары деңгейдегі спортшылардың шоғырын қалыптастырған үздік спорт мектебі. Аталмыш мектепте спорттың 11 түрі бойынша 1 138 спортшы жаттығады, деп хабарлады Syrboyi.kz.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметіне сәйкес, ауыр атлетикада – 4 жаттықтырушы, 138 спортшы, бокста – 3 жаттықтырушы, 80 спортшы, волейболда – 4 жаттықтырушы, 132 спортшы, баскетболда – 4 жаттықтырушы, 129 спортшы, қол добында – 2 жаттықтырушы, 30 спортшы, грек-рим күресінде – 4 жаттықтырушы, 82 спортшы, дзюдода – 4 жаттықтырушы, 135 спортшы, таеквондода – 4 жаттықтырушы, 110 спортшы, киокушинкай-кан каратэде – 2 жаттықтырушы – 99 спортшы, тоғызқұмалақта – 4 жаттықтырушы, 128 спортшы қамтылған.
Спортшыларды дайындауда тынымсыз еңбек етіп жүрген 38 жаттықтырушының 11-і біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты. Ал қалған 4 жаттықтырушы біліктілігі жоғары деңгейдегі І санатты болса, 12 жаттықтырушы біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ санатты.
№2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жас өрендері 2024 жылы Әлем чемпионаттарынан – 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль, Азия чемпионатынан – 1 алтын медаль, Еуропа Кубогынан – 1 қола жүлдені ел қоржынына салды. Ал ҚР чемпионаттарынан 28 алтын, 23 күміс, 24 қоланы еншіледі.
Айта кетейік, аталмыш спорт мектебі 6-14 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.
Жеке сұрақтарыңыз болса спорт мектеп директорының орынбасары Абдуллаева Ақтоты Әлназарқызына 8 747- 495-18 -02 байланыс номеріне хабарласуларыңызға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<