Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы, биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шараларды уақытылы әрі сапалы түрде аяқтады.
Жалпы облысымызда ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 2018 жылға 144 392 гектарға жоспарланған болатын.
Атап айтқанда Италиялық прусқа қарсы – 64 743 га. Арал-44,1 мың га. Қазалы-9,7 мың га. Қармақшы-0,7 мың га. Жалағаш-9,2 мың га. Сырдария-1,0 мың га., ал Азиялық шегірткеге қарсы – 78 849 га. Арал-17,8 мың га. Қазалы-10,8 мың га. Қармақшы-6,0 мың га. Жалағаш-9,5 мың га. Сырдария-6,6 мың га. Шиелі-16,9 мың га. Жаңақорған – 7,1 мың га. Қызылорда-4,0 мың га.
Дегенмен ағымдағы жылы ауа райының салқын болуынан шегіртке зиянкестерінің 800 гектарға жер кем өңделді.
Өңделген жер көлемінің жоспарланғаннан 800 гектарға кем болуы, Қазалы ауданында көктемгі-жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары кезінде италиялық прус дернәсілдерінің экономикалық зиянды шегінен аспауынан болып отыр.
Себебі, мамыр айының 1 – 4 күндер аралығында түнгі температураның +4,+8 градусқа дейін төмендеуі, сондай-ақ 27 мамыр күні салқын желдің жылдамдығы 20-25 м/с болуынан дернәсілдердің суықтан қоректене алмағандығы анықталды.
Жалпы үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айының 29-на басталып 2 шілдеде толығымен аяқталды.
Бұл жұмыстарға барлығы 25 техника қатыстырылып (14 арнайы жер агрегаттары, 1 аэрозолды генератор, 4 жеңіл ұшақ (дельтоплан), 2 ұшақ, 4 арқалайтын моторлы бүріккіштер), оған 12 211 литр пестицидтер (улы химикаттар) пайдаланылды.
Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың уақытылы әрі сапалы орындалуы себепті, ауылшаруашылығы дақылдарына және жайылымдарға зиян келген жоқ және арыз-шағым болған жоқ.
Дегенмен, ағымдағы жылдың шілде айының екінші онкүндігінде шегіртке тектес зиянкестердің толық өсіп жетіліп, 5 жасқа келу дәуірінде қанаттану, жұптасу ұрық салу кезеңінде ұшу (миграциялық) табиғи процестері басталады.
Осы процестің басталуы кезінде шегіртке зиянкестері түнгі мезгілдерде жарық көздеріне жиналып, тұрғындарды орынсыз алаңдатуы мүмкін.
Бірақ бұл жағдайдың қоршаған ортаға, ауылшаруашылығы дақылдарына және жайылымдық алқапқа кері әсері болмайды.
Осыған байланысты, Инспекция тарапынан ағымдағы жылдың 5 шілдесі күні барлық аудан және қала әкімдеріне жергілікті жерлерде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы тиісті хат жолданды.
Қазіргі уақытта облыс көлемінде ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы күнделікті қадағалау жұмыстары жүргізілуде және фитосанитариялық ахуал тұрақты екендігі хабарланады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
облыстық аумақтық инспекциясы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<