Шиелі ауданының өнеркәсібі қарқынды дамуда

403

0

Шиелі ауданының өнеркәсіп орындарында 2018 жылдың 7 айында 13 млрд. 401 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңге 100,6 пайызды құрады.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен жобалық құны 97,2 млрд. теңгенің 2 жобасы жүзеге асырылуда.
Атап өтер болсақ, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты. Зауыт 2018 жылдың желтоқсан айында толық іске қосылатын болады.
Сондай-ақ, «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. Бұл зауыт 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 259,5 млн теңгені құрайтын 58,4 тонна метованадат аммониясын Ұлыбританияға экспортқа шығарды. Аталған кен орнын «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес жыл соңына дейін 2,5 млрд. теңгеге қаржыландыру жоспарланған»,-деді аудан әкімі Ә. Оразбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<