Шиеліде 23 жастағы тұрғын жоғалып кетті

206

0

Шиелі ауданының 23 жастағы тұрғыны жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол Телікөл аумағына балық аулауға шыққан. Сол жақтан Қызылорда қаласына баратынын айтып жолға шығып кеткен. Содан бері хабарсыз.
«Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жалғасуда. Әзірге нәтиже берген жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<