Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жиналған жұртшылықты 30 тамыз – Конституция күнімен құттықтап, жаңа кейіпке енген сауда нысанының лентасын қиып, ашылу рәсімін жасады.
Сауда орынының жалпы аумағы – 400 шаршы метр. Шағын маркетте халық тұтынатын азық-түлік, химия өнімдерінің барлық түрі тұрғындарға қол жетімді бағада сатылуда. Жеті адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, Шиелі кенті сауда үйлерінің қатарын «Ұлытау» сауда орталығы толықтырды. Аталған сауда орталығының 1-ші қабатында ыдыс-аяқ және тұрмыстық заттар сатылса, 2-ші қабатта тігін шеберханасымен қатар той көлектері жалға берілетін болады. Тұрақты жұмыспен 3 адам қамтылуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<