Құрылтай

Ширек ғасыр газет басқарған журналист жоғары марапатқа ие болды

6

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Қармақшылық журналист, ақын әрі қаламгер Алтай Үсенов Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болды.

Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек тәжірибелі журналисті арнайы қабылдап, шығармашылық жолына жоғары баға берді. Аудан басшысы бұл марапатты Алтай Үсеновтің көпжылдық адал еңбегі мен өңірдің ақпарат саласына қосқан сүбелі үлесінің нәтижесі екенін атап өтті.

Алтай Үсенов бұқаралық ақпарат құралдары саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол ұзақ жылдар бойы аудандық «Қармақшы таңы» газетінде қызмет атқарып, ширек ғасырдан астам бас редактор болды. Сонымен қатар бірнеше жыр жинағының авторы, шығармалары қырғыз және татар тілдеріне аударылған.

Кездесу барысында аудандық мәслихат, ардагерлер және қоғамдық кеңес өкілдері де қаламгерді марапатымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Алтай Үсенов көрсетілген құрметке алғыс айтып, журналистиканың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы пікірін бөлісті.