Шірік-Рабат археологиялық этнографиялық экспедициясы – 2022

863

0

Тарихымызға әріден қарап, заттай деректерге сүйене отырып зерттейтін ғылым археология саласы. Археология саласының мамандары, яғни археологтар жер астында көміліп жатқан тарихи маңызды дүниелердің сырын ашып, зерттеп-зерделеп жүретін маман иелері.

Осы орайда Қармақшы өңірінде Қызылқұмның қойнауында орналасқан, б.з.д ІҮ-ІІ ғасырлармен мерзімделетін, мемлекет қорғауындағы республикалық маңызы бар, көне Бәбіш-Мола қалашығынада 2004 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, біраз жайттың құпия сыры ашылып келеді.

Археологиялық жұмыстарды 2004 жылы Алматы қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми зеттеу институтының жанынан құрылған тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Құрманқұловтың басшылығымен Шірік-Рабат археологиялық этнографиялық экспедициясы қазіргі уақытқа дейін жыл сайын маусымдық қазба жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

Археологиялық жұмыстардың мән-жайына тоқталар болсақ, үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында айтулы экспедиция отряд басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Утебаевтың басшылығымен, құрамында Ресейдегі Москва қаласында орналасқан Мемлекеттік Шығыс музейінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б.Болелов, Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері, доктаранттары, студенттері, Қызылорда облыстық ескерткіштерді қорғау мекемесінің қызметкерлері, жергілікті жерден Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері және жергілікті Т.Көмекбаев ауылының адамдарынан жасақталып, қазба жұмысы жүргізілген болатын. Қазба жұмыстары кезінде қалашықтың құрылыс орындарымен қатар заттай деректерде табылды.

Қазба жұмысы барысының негізгі мақсаты – қалашықтың өмір сүрген уақытындағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін және сол уақыттағы өркениетті анықтау.

Қармақшы ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<