Ішкі істер департаментінде емхана қызметкерлері марапатталды

313

0

Қызылорда облысының ішкі істер департаменті емханасының қызметкерлерін құттықтау мақсатында салтанатты жиын болып өтті. Департамент   бастығының орынбасары полиция полковнигі Оспанов Жарас   Өмірбекұлы медицина қызметкерлерін марапаттады.

Маңызды мерекеге арналған салтанатты жиында өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызмет атқарған емхананың 10 қызметкері  департамент бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлының бұйрығымен  марапатқа ие болды.

Департаменттің «Құрмет грамотасымен»  Р.К. Абильдинова, И.А.Каюпова, Г.Ж. Рахметова, М.Ж.Дуйсенбаева марапатталды.

 Сонымен қатар, департаменттің «Грамотасымен»  Р.Е. Абайдуллаева, Р.Қ.Томанова, Қ.Ш. Байжанова,  Г.М. Мұратбаева марапатталса, «Алғыс хатқа» Е.А.  Бекентаев, Б.А. Туралиев ие болды.  

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 

 

        

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<