Шіркеуден 193 мың теңге қолды болған

263

0

Қарағандыдағы католик шіркеуінен қомақты қаржы жоғалған. Полиция қызметкерлері шіркеуді тонады деп күдікке ілінген 33 жастағы ер адамды ұстады, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

   

2 қыркүйек күні белгісіз біреу Қарағандыдағы Рим-котолик шіркеуіне келіп, монаx әйелдің жоқтығын пайдаланып, қабылдау бөлмесіне жасырын кіріп, қорапшада тұрған 193 000 теңгені жымқырып кеткен. Шіркеудегі ұрлық жайлы қалалық Ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс бөліміне монаx әйел xабарлап, шағым түсірген. Полиция қызметкерлері көп ұзамай шіркеуді тонады деп күдікке ілінген қала тұрғынын құрықтады.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы қала тұрғыны анықталды және ұсталды. Ол шіркеудің қабылдау бөлмесіне кіріп, монаx әйелдің жоқтығын көріп, ақшаны ұрлағанын мойындады. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-тармағына сәйкес, яғни «Өзгенің мүлкін ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департ

аментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<