Синоптиктер 8 желтоқсанда бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжады

374

0

Сурет: pxhere

Синоптиктер ертең, 8 желтоқсанда бірнеше өңірде тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні – 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматыда кей уақытта тұман. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады. Шымкентте кей уақытта тұман.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<