Синоптиктердің 22 маусымға арналған ауа райы болжамы

244

0

«Қазгидромет» РМК 22 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады. Желдің күшеюі күтіледі, республиканың солтүстігінде және орталығының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін соғып, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<