Қазақстанның басым бөлігінде антициклондық ықпалы сақталады, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тек солтүстік, орталық және шығыстарының кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Жел күшейіп оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, түнде және таңғы уақыттарда солтүстік және орталықта тұман күтіледі, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<