Өскеменде Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

198

0

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ұшақ бортында бес адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Орлан 2000» әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша сапарды орындаған. Сағат 12.50 кезінде экипаж қозғалтқыштың штаттан тыс жағдай туралы баян етті. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан бір жарым шақырымда орналасқан ауданға мәжбүрлі түрде қону туралы шешім қабылдады. Бортта 5 адам – 3 экипаж мүшесі мен 2 қызметтік жолаушы болған. Бәрі аман», – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінен. 
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдың даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі басқармасы болған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<