Әскери оқу-жиыны

266

0

 Жуырда Алматы облысына қарасты Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында запастағы офицерлерге арналған бір айлық жиын өтті.
Оған 22-37 жас аралығындағы әртүрлі ма­ман­дықта қызмет атқаратын ер азамат­тар қатысты. Біздің аймақтан 17 офицер қа­тыс­қан жиынның негізгі мақсаты – әске­ри­лердің функционалдық міндеттерін же­тіл­діру, жауынгерлік әзірлігі мен тапсырмалар­ды орындау қабілеттілігін тексеру еді. Әскери дайындық бойынша қатысушылар институт оқытушыларынан дәріс алып, қару-жарақ, жа­рыл­ғыш заттармен жұмыс, алғашқы меди­ци­налық көмек, дене дайындығы және хи­миялық зиянды заттарды ажырату мен қауіп­сіздік ережелерін сақтау бойынша білім­дерін пысық­тады.
–.Өткізілген дәрістерде көптеген қажетті мәлімет алып, білімімді шыңдадым. Қолымыз бос уақытта арнайы әдебиеттер оқыдық. Сонымен бірге, ондағы мәдени-демалу орталығының ұйымдастыруымен әскери музыкалық топ пен курсанттар өз өнерлерін көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады. Бастысы, үйренген біліміміз тек бейбіт жағдайда қолданылса деген тілек бар, – дейді запастағы лейтенант Ерсұлтан Қоқасов.
Стратегиялық резерв дайындығын шың­дайтын бұл шара жыл сайын өткізіледі.
Ержан БЕКМЫРЗАҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<