Оқушылар қорғаныс саласының мамандарымен кездесті

492

0

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне орай оқушыларды әскери – патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының қорғаныс сала мамандарымен кездесуі өтті.
«Даналық бейсенбі» жобасының төріне Қызылорда облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, подполковник Алмат Жакипов және мекеменің бөлім бастығы Бағдат Ахимбеков келді.
Тәрбиелік маңызы зор сұхбат алаңында әскерилер өз өмірлеріндегі жетістіктерін, қиындықтары мен қызықтарын өскелең ұрпаққа үлгі ретінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы, әрбір ер азамат әскери маман болмаса да ұлттық рухты ту етіп, елін-жерін қорғайтын айбынды тұлға болып қалыптасу керектігін тілге тиек етті.
Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтып, бойында елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілген шарада оқушылар әскерге деген қызығушылықтарын байқатып, мамандық таңдауда кәсіби бағыт бағдар алды.
Кездесу барысында зияткерлер келген қонақтарды Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап, мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<