Сочиде Димаш Құдайбергеннің бейнесімен баннер ілінді

310

0

Сочиде «Жаңа толқын» конкурсы аясындағы «А-Студио» тобының концертінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген Сочиге келгенге дейін оның суреті бар баннер ілінген.

«Димаш Сочиде барлығына қарап тұр. Біз мұны жасадық. Барлық фанклуб пен жанкүйеріне рақмет!!! Олардың арқасында 1 LED экран, 6 билборд және 3 афишаның пиллары орнатылды», – деп жазды Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фанклубының парақшасында Ирина Ким.

Билбордтар 31 тамыздан 5 қыркүйекке дейін тұрады. Ал «Жаңа толқын» фестивалі 4-9 қыркүйек аралығында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<