СОҢҒЫ ДАЙЫНДЫҚТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

311

0

 Апта басында облыс орталығындағы жылу желілеріне жоғары қысыммен сынақ жасау барысында теміржол вокзалы маңындағы құбыр жарылып, біраз қолайсыздық тудырды. Біраз жерді су басып, көліктер мен жаяу жүргіншілерге біршама қиындықтар тудырды. Тез арада қажетті техникалар жұмылдырылып, сол күні кешке дейін орын алған олқылық қалпына келтірілді.

– Бұл – жылу құбырларын 16 атмосфералық қысыммен тексе­ріп, сынақтан өткізу кезінде анық­тал­ған жағдай. Мұнан бөлек, тағы бір құ­бырдың жарылуы орын алды, – деді бұл жөнінде «Қызылордажылу­электрорталы­ғы» МКК бас инженері Нау­рыз Сатқанов. Ол 10 қазанға дей­ін барлық жылу құбырлары сы­нақтан өткізіліп болатынын мә­лім­деді. Ал 10 қазаннан бастап жы­­лу құбырлары циркуляциялық ай­­на­лымға қойылады. Бас инженер жылу беру маусымына дайындық бары­сында орталықтағы №6 бу қазан­дығы мен №3 бу турбинасы жөндеуден өткізілгенін жеткізді. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаладағы 30 жылдан бері  қолданылып келе жатқан жылу ма­гистралінің 7 шақырымына 8 жоба бойынша  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстардың нә­тижесінде облыс орталығындағы ауыстырылуы тиіс жылу желілерінің үлесі 40 процентке төмендеген. Ал жылу орталығында мазут резерві жасақталып қойылды.

«Қызылорда оңтүстік жылу ор­та­лығы» филиалы мен «Қазалы Темір­жолжылу» қазандықтарына күр­­­делі және ағымдағы жөндеу жұ­мыс­тары да аяқталу сәтінде екенін облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады. Сонымен қа­тар, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалының шатырын күрделі жөндеу 10 қазанда аяқталады. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр желілері мен трансформаторлық стан­цияларына күрделі және ағым­дағы жөндеу жұмыстары 96% орындалды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қы­­зылорда өндірістік филиалы ал­да­ғы жылу беру маусымына дай­ын­­дық жұмыстарын толығымен орын­дады. «Қызылорда су жүйесі» МКК жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасымен 14 жоба бойын­ша су құбыры мен кәріз жүйесін қай­та жаңғырту жұмыстарын 94%-ке жет­кіз­ді. Жылу беру маусымына дайын­дық бойынша әлеуметтік нысан­дардың 100 процентіне және кіші қазандықтардың 97 процентіне жөн­деу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің 98% маусымға дайын. Қалған жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Жылу беру белгіленген мезімде бас­талады деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<