Спорт саласының өкілдерімен кездесті

253

0

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Искаков және «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов өңірдегі спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қасиетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қорытындылай келе спикерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен басқармаға қарасты қызметкерлерді өз еңбектеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықты жоюдағы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға бірге атсалысуға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<