Спорттағы жетістіктер

329

0

18-19 мамыр күндері  И.Ильин атындағы саябақта қалалық білім бөлімі және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдасытырумымен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына және ұлағатты ұстаз Ботабеков Ербол Қадырбайұлын еске алуға арналған 2004-2005 жылғы туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан  қалалық ашық біріншілік өткізілді. 
 Сайыста №23, 39, 171, 176, 187, 197, 215, 257, 267, 278 орта мектеп, мектеп лицей коммандалары бақ сынасты.  Сайыс нәтижесінде №257 мектеп оқушыларынан жасақталған Тыханов Сабыржан және Ізбасқанов Нұрлыбек жетекшілік еткен команда ақтық сында жүлделі І орынды жеңіп алды.  Ұйымдастырушылар тарапынан оқушылар «Алғыс» хатпен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<