Спорттық балалар ойын алаңы ашылды

508

0

Бүгін Шиелі кенті, Мұхамеджан Қаратаев көшесінде «Промстройсервис. Е» ЖШС-ның демеушілігімен салынған спорттық балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңының тұсауы кесілді.

Тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбіләкім Маханбетов, аудандық алқа билер төрағасы Тұрмат Баймағанбетов, «Промстройсервис. Е» ЖШС-ның басшысы Манарбек Еспенбетов арнайы қатысып, жүрек жарды лебіздерін білдірді.

– Биыл «Балалар жылы» аясында демеушілер есебінен ауданда 6 спорттық балалар ойын алаңдары салынуда. Осыған дейін демеушілер есебінен салынған 3 ойын алаңының тұсауы кесілді. Бірер күнде қалған балалар ойын алаңдары да пайдалануға беріледі, – деді аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков.

Айта кетейік, Қаратаев көшесіндегі аумағы 500 шаршы метрді алып жатқан ойын алаңы «Промстройсервис. Е» ЖШС-ның демеушлігімен салынған. Мұнда спорттық балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы бар.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<