Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің өткен жылдың 1-ші тоқсандағы аудиторлық қызмет көрсеткіштері

353

0

Департамент тарапынан өткен жылдың 1 тоқсанында 81 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде жалпы 4,8 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 3,6 млрд теңге немесе 75% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 1,2 млрд теңге немесе 25% жалпы анықталған бұзушылықтар сомасынан.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 2,8 млрд теңге, олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені 1,2 млрд теңге (немесе 70,6%) және бюджетке өтелгені 908,8 млн теңге (немесе 81,8%).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 1,2 млрд теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қорытындысына әсер ететін 1,1 млрд теңге және 30,9 млн теңге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысына әсер етпейтін, сонымен қатар жалпы аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат көлемі 1,3 млрд теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынын үлес көрсеткіші 92,3% құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<