Жеке құрам  қызметкерлері ел рәміздеріне құрметпен қарайды.

695

0

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері Қызылорда қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткен «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» тақырыбындағы іс-шараға қатыстырылды.

Іс-шара барысында аға кітапханашы Қарлығаш Сражадинова өз сөзінде мемлекеттік рәміздер әр елдің тәуелсіздігін білдіретін, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, патриоттық сезімді оятатын айшықты белгілер болып саналады, әрбір азамат оны білуі әрі құрметтеуге міндетті екенін атап өтті.

Одан соң жеке құрам қызметкерлері кітап көрмесін тамашалады. Кітап көрмесіне «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері», «Елтаным», «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б. мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді баспасөз беттерінен алынған мақалалары қойылған.

 «Бүгінгі шара мемлекеттік рәміздердің – сәндіктің емес, ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштіктің символы екендігін ұғындырды. Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті әрқайсымыз өзіміздің жүрегімізге ұйытып, ерекше қастерлеп, құрметтеуміз керек, – деді, мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Оспанов.

Дана Достанова,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<