Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан «Aktogai Milk» сүт фермасында қайғылы оқиға болып, алты адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында әкесі мен екі ұлы бар, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдайдан кейін марқұмдардың суреттері әлеуметтік желіде тарап, жақындары мен ауылдастары қаралы жазбалар жариялауда.
«Қандай мейірімді, ақкөңіл жан едің, бауырым. Мәңгі есіміздесің, жадымыздасың! Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Аллам саған иманын төгіп берсін, жаным», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Сондай-ақ марқұмдардың жақындары бұл оқиғаның тұтас әулетке ауыр соққы болып тигенін жеткізді.
«Бір уақытта бір әулеттен төрт адамнан айырылдық. Біздің әулетке өшпес қайғы салды. Жандары жәннаттан болғай», – деп көңіл айтты тағы бір қолданушы.






