Су айдындарында рейдтік шара күшейтілді

685

0

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Р.Қайрақбаевтың 2022 жылғы 13 сәуірде «2022 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы» бекіткен №63 бұйрығына сәйкес №10 өрт сөндіру бөлімінің, Байқоңыр қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы су айдындарында тұрғындардың суда қаза болуының алдын алу мақсатында күнделікті сағат 14.00 – 21.00 аралығында рейд жүргізуде.

Рейд барысында балаларды ересектердің бақылауынсыз қалдырмауға, азаматтарға белгіленбеген жерлерге суға шомылуға қатаң тыйым салынатындығы және ішімдік ішіп, мас күйінде шомылуға болмайтындығы жөнінде түсіндіріп, жадынама парақшалары таратылды.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<