Құрылтай

Су айдындарындағы қауіпсіздік – басты назарда

6

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері селекторлық режим арқылы қатысты.

Мәжілісте мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту мәселелері қаралды.

Алдымен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сараланып, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Сонымен бірге, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Аудан әкімі жауапты мекемелерге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу, рейдтік іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі