Су басқан үйлердегі дүние-мүлік өтеле ме – министр жауабы

392

0

Фото: БҚО ТЖД

Үйін су басқан тұрғындардың дүние-мүлкі, жиһаз, басқа да заттар қалай өтеледі?  Бұл сауалға Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді.

«Ақтөбе облысының Қобда ауылында құрылыс жұмыстары басталды. Онда инфрақұрылым тартылып, 87 үй салына бастады. Мүмкін кеңейетін шығармыз, өйткені зардап шеккен үйлер көптеу», – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, құрылыс жұмыстарының қарқыны су тасқынының деңгейіне байланысты.

«Ең қажетті, кейбір заттарды сатып аламыз. Су тасқыны сейілген аймақтарда тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін қарастырамыз. Ақтөбе облысы бойынша 43% жер учаскесі нақтыланып, дайындалды. Қостанай облысында да біраз жер учаскесі дайын, инфрақұрылыммен шамамен 100% қамтылған. Бұл жұмыстарды жергілікті әкімдіктер жүргізуде, ең бастысы үйлер салынған жер учаскелерін қайта суға кетпеуі жағын ойластыруымыз керек», – дейді ол.

Бұған дейін министр ісіне жауапты және заңға қатаң бағынатын құрылыс компанияларына қойылатын талаптардың жеңілдейтінін айтқан еді. 

Сондай-ақ, Қ.Шарлапаев мамырда жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатынын мәлімдеді. 

Одан бөлек, аталған ведомство басшысы үйін су басқан тұрғындардың шығыны қалай өтелетінін түсіндірді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<