Су тасқыны: аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал қандай

252

0

Фото: Президенттің іс басқармасы

Төтенше жағдай режимі жарияланған барлық өңірде құтқарушылармен қатар медициналық қызметкерлер де тәулік бойы кезекшілікте жүргені белгілі. Зардап шеккен аймақтардың эвакуацияланған тұрғындары дәрігерлердің тұрақты бақылауында, деп хабарлады Қазақпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева медициналық көмекке мұқтаж адамдар мамандандырылған педиатриялық көмекпен қамтамасыз етілуде. Әсіресе, аудандық ауруханалардың медициналық қызметкерлері үлкен үлес қосып жатыр.

«Атырау облысынан эвакуацияланған тұрғындарға баға жетпес көмек көрсететін денсаулық сақтау басқармасының үйлестіруімен Маңғыстау облысының медицина қызметкерлерінің жұмысын атап өткім келеді. 3 мыңға жуық медицина қызметкері мен 300-ге жуық жедел медициналық жәрдем бригадасы апат аймақтарында жүр. Дәрігерлер жүкті әйелдердің, созылмалы аурулары бар балалар мен қарттардың денсаулығына ерекше назар аударады. Жүкті әйелдер бірінші кезекте су басу орындарынан эвакуацияланды, босанған әйелдер ауруханаға жатқызылды және дәрігерлердің бақылауында болады», – деді ол.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны болып жатқан аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін айтты.

«Су тасқыны кезеңіне тән инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деңгейде қалып отыр. Барлық нысанда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭС органдарымен ауыз сумен жабдықтауды бақылау күшейтілгенін ерекше атап өтемін. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Судың сапасы мен қауіпсіздігін зертханалық бақылау нәтижелері бүгінгі күні жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі жоқ екенін көрсетеді. Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті және жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары жіберілді», – деді Әйгерім Оразалиева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<