Судан келер қауіп сейілді

321

0

Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров Шиелі ауданына арнайы келіп, аудан аумағындағы қорғаныс бөгеттерін аралады.

Аралау барысында Бекболат Қайырбекұлымен бірге аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жандос Мампаев және «Шиелісушар» мекемесінің басшысы Дихан Әубәкіров қорғаныс бөгеттерінің жай-күйімен танысты. Іссапарды ұйымдастырудағы басты мақсат – су тасқынының алдын алу үшін күш құралдары мен қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысып, жағдайды бағдарлау болып отыр.

Айта кетейік, сапар барысында Сырдария өзенінің Шиелі ауданы аумағынан өтетін бөлігінде жағдай едәуір тұрақалғаны белгілі болды. Себебі, бірнеше күн бұрын ауданға 616 текше метр су келген болса бүгінде оның көлемі айтарлықтай азайған. Дегенмен, ауылдық округтерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, қажетті техникалар дайындалған.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<