«Сулпак» сауда үйін өрт шалды

808

0

2022 жылдың 6 маусымында сағат 23-тен 51 минут өткенде  Қармақшы ауданы, Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі №24 «А» мекен-жайда орналасқан жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайтын «Сулпак» сауда үйінің 275 шаршы метр болатын шатыры, төбе жабыны және тұрмыстық заттары толығымен жанды. Өрт сағат 00-ден 53 минут кеткенде  оқшауланып, 01 сағаттан  15 минут өткенде толық сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында өрт сынақ зертхана жұмыстары тағайындалды. Шығыны анықталуда.

Оқиға орнында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен» (10 қызметкер, 2 бірлік техника), Ресей Федерациясы №70 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен (13 қызметкер, 4 бірлік техника) өрт сөндіру жұмыстарын атқарды.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<