Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

296

0

Фото: Қызылорда қаласының білім бөлімі

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Жемқорлық — ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Осы мақсатта Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей АКТ залында ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қозбағарова Жанар, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Закирова Феруза қатысты.

Жиында, қалалық білім бөлімінің заңгері Аралбек Көбегенұлы 2023 жылдың 10 айы қорытындысымен талдау жасап, баяндама жасады.

– Білім бөліміне қарасты 88 мекеме жұмыс жасайды, олар 28 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 57 жалпы білім беретін мектептер мен 3 қосымша білім беру ұйымдары. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сөзінде жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар: мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқалар тартылуда. Департамент тарапыпан барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру – Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістердің бірқатар топтамалары әзірленіп, іске асырылды. Заңнамалық өзгерістердің бірінші топтамасы 2019 жылдың 19 желтоқсанында қабылданды. Құрметті әріптестер заң аясында жауапкершілік күшеюде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің алдына қойған міндеттемелері мен басымдылықтарын белгіледі. Ендігі кезекте, жүктелген міндеттемелерді барынша жүзеге асыратын боламыз. Осы жұмысқа сіздерді белсенді қатысуға және жемқорлық әрекеттерден бойды аулақ ұстап, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырамыз, – деді Аралбек Көбегенұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<